Қазақстан қалаларында Өзбекстанның туристік әлеуеті туралы бейнероликтер көрсетілуде
Өзбекстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі «Республиканың туристік әлеуетін жедел дамыту және жергілікті және шетелдік туристер санын одан әрі арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысын жүзеге асыру аясында Қазақстанның Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалаларында LED экрандарда Өзбекстанның туристік әлеуеті туралы бейнероликтер көрсетілуде.
Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі және Ұлттық PR орталығы бірлесіп ұйымдастырған шара Қазақстаннан туристерді тарту мақсатында дайындалған.
Бұл бейнематериалдар биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап Астана қаласының 20 нүктесінде алты ай бойы, Алматы қаласының 4 нүктесінде үш ай және Шымкенттің 3 нүктесінде бір ай бойы көрсетіледі.