Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Президентіне ел тарих туралы Tik-Tok жобасын құру идеясы ұнады
13:41 / 2021-10-21

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында ел тарихы бойынша Tik-Tok жоба туралы ұсынысты қолдайтынын айтты.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, кеңейтілген отырыста Ақмола облысы поляктар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская патриоттық Tik-Tok жоба жасауды ұсынған.

«Сіз балаларды, өнерге, мәдениетке тартуға қатысты өте қызық ұсыныс айттыңыз. Мен бұл ұсынысты қолдаймын жән облыс әкімдерін де үндеймін. Шынымен де балалардың халық театрларын ашқан сияқты мұндай жұмысты бастап көрейік те. Балаларымыздың арасында таланттылар өте көп. Күні кеше ғана Жезқазғанда болдым және балалардың өнердің сан түрімен, оның ішінде домбырамен айналысатынын көрдім. Бұл - қуантарлық жайт. Дегенмен, біз мұндай балаларға қолдау көрсетуіміз қажет. Ал олардың саны өте көп. Сіздің өлкеміздің тарихы бойынша Tik-Tok жоба құруға қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Шындығында бұл - өте жақсы жоба. Қазір жастар негізінен Іnstagram мен Tik-Tok-та отырады. Бұл - біздің өміріміздің шындығы», -деген Қасым-Жомарт Тоқаев.