Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Президенті өзіне жаңа баспасөз хатшысын тағайындады
14:03 / 2022-04-14

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне жаңа баспасөз хатшысын тағайындады.

Ақорда сайтындағы дерекке сай, бұл қызметке Руслан Сұлтанұлы Желдібай тағайындалған.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редакторлықтан бастаған.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Руслан Желдібай біраз жылдар бойы БАҚ саласында қызмет атқарған. Атап айтқанда, 2012-2018 жылдары «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған. 2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған. 2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.

2020-2022 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2022 жылғы ақпаннан бастап Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымын атқарып келген.