Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Президенті Ташкентке келді
16:20 / 2022-12-21

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келді.

Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев қарсы алды. 

Мемлекет басшылары бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, қысқаша әңгімелесті.

Осыдан кейін Қазақстан басшысы «Жаңа Өзбекстан» саябағын барып, онда дәстүр бойынша Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.