Қазақстан Премьер-Министрі Өзбекстанға сапарын аяқтады
Экономикалық ынтымақтастық ұйымының он алтыншы саммитіне қатысқан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстанға сапарын аяқтады.
Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.
Еске сала кетейік, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев саммитке қатысу үшін Өзбекстанға келген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловты қабылдады. Кездесуде көрші елдер арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар тұрақты дамып келе жатқаны айтылды.
Икрам Аввалбаев, Насиржан Хайдаров(сурет), ӨзА