Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан пойыздары Starlink интернет желісіне қосылады
16:22 / 2024-05-23

Алдағы уақытта қазақстандық пойыз жолаушыларына Starlink интернеті қолжетімді болады.

KAZINFORM дерегінше, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжановтың айтуынша, Starlink интернетін пилоттық жоба ретінде іске қосу жоспарланып отыр.

«Тиісті өтінім берілді, енді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің растауын күтіп отырмыз. Жыл соңына қарай пилоттық режимде іске қосамыз деп ойлаймын», — деген Жәнібек Тайжанов аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы 2024 жылдың екінші жартысында «Тальго» пойыздарында бейнебақылау орнатылатынын тілге тиек еткен.