Өзбекстанға сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжлісінің төрағасы Ерлан Қошанов 27 қазан күні Самарқанд қаласына барды.
Қонақты Самарқанд халықаралық әуежайында ӨР Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері Нуриддинжон Исмаилов пен облыс әкімдігінің ресми өкілдері қарсы алды.
Ерлан Қошанов Самарқандпен танысуын Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың бейітін зиярат етуден бастады. Қонаққа осы кешен және Хазірет Хизр мешіті туралы толық мағлұмат берілді. Мұнан соң делегация Әмір Темір кесенесін аралап, Сахибқыран және Тимуридтер дәуірінің тарихымен танысты. Регистан алаңы мен мұнда қойылған ұлттық қолөнер көрмесі қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.
[gallery-14240]
Сапар барысында Ерлан Қошанов Шахи Зинда ескерткіші, Мырза Ұлықбек мұражай-кешенінде болып, Өзбекстан тарихына, ғылымына, мәдениетіне қатысты маңызды дереккөздерге куә болды.
суреттерді түсірген А.Исроилов, ӨзА