Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстанға ресми сапармен келеді
11:59 / 2021-06-01

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев 2021 жылдың 3-4 маусымы күндері Өзбекстан Республикасына ресми сапармен келеді, Сенат баспасөз қызметі.

Осы сапар аясында «Олий Мажлис» Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева мен Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмаилов ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесуі өткізеді.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі жоспарға сай Тәуелсіздік және ізгілік монументіне гүл шоқтарын қою, Тимурилер тарихының мемлекеттік музейі, «Хазрет Имам», «Шейх Хованди Тохур», «Төле би» кесенесіне, Ташкенттегі Технопаркке бару және баспасөз конференциясын өткізу жоспарланған.