Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан ОСК президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады
10:31 / 2022-11-21

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.

«ҚазАқпарат» агенттінің хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ел өңірлері мен шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыстарды санау аяқталғанын мәлімдеген.

Кеше күні бойы онлайн режимде өңірлердің жедел деректері негізінде ОСК қазақстандықтардың дауыс беруге қатысуының белгілі бір уақыттағы жағдайын хабарлап отырды. 9 брифинг өтіп, ақпарат шұғыл таратылған.

ОСК төрағасының айтуынша, Қ.Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген. «Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған.

Сонымен бірге, Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42 пайыз, Қарақат Әбденге 206 мың немесе 2,6 пайыз, Мейрам Қажыкенге 200 907 немесе 2,53 пайыз, Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22 пайыз және Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс берілген.

Кеше 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлау өтіп, елдің барлық өңірінде 10 033 учаске жұмыс істеген. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 68 учаске құрылған.