French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан ОСК оппозиция белсендісін президенттік сайлауға тіркеуден бас тартты
15:46 / 2022-09-29

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы журналист, оппозиция белсендісі Инга Иманбаеваны елде өтетін президенттік сайлауға тіркеуден бас тартты.

ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Инга Иманбаева Конституциялық заңда көзделген қажетті құжаттар ұсынбаған.

«2022 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келген азаматша И.Иманбаева 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына өзін кандидат ретінде ұсыну туралы мәселені қозғады.

Алайда, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ұсыну үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделіп отырған қажетті құжаттар ұсынылған жоқ», делінген хабарламада.

Президенттік сайлауға тіркелмеген журналист, Қазақстан Демократиялық партиясының белсендісі Инга Иманбаева осы партияның негізін қалаушы Жанболат Мамайдың жұбайы.