Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады
15:56 / 2025-10-21

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келіссөзі өтті.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөз қорытындысы бойынша президенттер Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың қол қойылғанына 20 жыл толуына орай бірлескен мәлімдеме қабылдады. 

«Жалпы, Әзербайжан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, өнеркәсіп қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, статистика салаларындағы және мәдени-гуманитарлық байланыстар бағытындағы ынтымақтастық жөнінде 15 құжатқа қол қойылды», делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Әзербайжан президентінің Қазақстанға жасаған сапары аясында екі ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өткен.