Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан мен Әзербайжан арасында бірқатар құжатқа қол қойылды
15:43 / 2023-04-11

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға келуіне орай жүргізілген келіссөздерден кейін екі ел арасында бірнеше меморандумға қол қойылды.

Turkystan.kz сайтының хабарлауынша, екі ел мынадай меморандумдарға қол қойды:

  • Қазақстан Республикасы Телерадио кешені мен Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік ақпараттық агенттігі арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
  • Қолданбалы этно-cаяси зерттеулер институты мен Баку Халықаралық мультимәдениет орталығы арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Әзербайжан Республикасының шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
  • Қазақстан Ркспубликасы Ұлттық ғылым академиясы мен Әзербайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы арасындағы ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
  • Қазақстан Республикасының Отандастар қоры мен Әзербайжан Республикасының Диаспоралармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекет аралық кеңесін құру туралы хаттамаға және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.