Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан мен Өзбекстан шекара аймағында сауда-экономикалық орталық ашылады
11:03 / 2021-04-12

10 сәуірде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы (Қышкөпір - Жібек жолы) Орталық Азия халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті.

Іс-шараға Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысып, кездесуде бауырлас халықтардың сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, ауылшаруашылық және басқа салалардағы мүддесі үшін жасалған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырудың оңтайлы жолдары жан-жақты талқыланды.

Орталық Азияда теңдесі жоқ бұл «Орталық Азия халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы» жобасы өзара тиімді болып қана қоймай, сонымен бірге аймақтағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қосымша серпін береді.