Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі толық аяқталды.
«ҚазАқпарат» дерегінше, бұл туралы көрші елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«4 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылдың 2 желтоқсанында Ташкентте екі мемлекеттің басшылары қол қойып, парламенттері ратификациялады. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың 19 жылдық процесіне нүкте қояды», - деген Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде.
Еске салайық, құжатқа 2022 жылғы 2 желтоқсанда Ташкентте екі ел басшылары қол қойып, оны парламенттер ратификациялады. Келісім 19 жылға созылған процестің аяқталуын білдіреді. Ұзындығы 2357 шақырымды құрайтын шекара 1301 шекара белгісімен бөлініп, сегіз мыңнан астам беттен тұратын демаркациялық құжатта көрсетілген.