Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан мен Өзбекстан COVID сертификатын өзара танитын болды
11:05 / 2022-03-20

Өзбекстан мен Қазақстан COVID-19 екпе сертификаттарын тану туралы келісімге келді.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің хабарлауынша, тараптар вакцинация сертификаты болған кезде ПТР тестінің теріс нәтижесін талап етпейді.

Сондай-ақ, 5 жасқа дейінгі балалармен бірге жүреген азаматтар үшін вакцинация сертификаттары болған жағдайда ПТР тестілеуінің сертификатын көрсету талап етілмейді.

5 жастан асқан балалар, өзімен бірге жүреген азаматтардың вакцинация сертификаттары бар-жоғына қарамастан, ПТР тесттің нәтижесін көрсетуі керек.

Жоғарыда аталған келісім 2022 жылдың 18 наурызында күшіне енді.

Бұған дейін, Өзбекстан мен Түркия екі елдің құзырлы органдары берген COVID-19-ға қарсы вакцинацияны растайтын ресми сертификаттарды өзара танитыны хабарланған еді.