Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты әуе рейстерін қалпына келтіру мәселесі талқыланды
26 ақпанда Өзбекстан Республикасының Көлік министрі - «Uzbekistan airways» АҚ басқарма төрағасы Илхом Махкамов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұловпен телефон арқылы сөйлесіп, тараптар көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Сұхбат барысында, эпидемиологиялық жағдайға байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолаушылар автобусы қызметін қайта қалпына келтіруді жеделдету маңызды екендігі айтылып, екі ел арасындағы тұрақты рейстер санын көбейту, жаңа бағыттар ашу мәселелері сөз болды.