Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен мәлімдеме жасалды.
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам 2025 жылғы 6 – 7 мамырда Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Осы сапар аясында елдер арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен мәлімдеме жасалды.
Мәлімдемеде саяси ынтымақтастық пен дипломатияны нығайту, ұлттық қорғаныс, қауіпсіздік және құқық саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, экономикалық, сауда, инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты кеңейту, ауыл шаруашылығы, ғылым, технологиялар, цифрлық трансформация, энергетика, мәдениет, спорт, туризм, білім, еңбек және қоршаған орта салаларындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жәрдемдесу сынды тармақтар орын алған.
Бірлескен мәлімдеме 2025 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Астана қаласында қазақ, вьетнам және ағылшын тілдерінде қабылданды.