Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көшті
Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көшті.
Бұл турады Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өткен.