Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жасаған сапары барысында Владимир Путинмен Кремльде «үштік газ одағын» құру мәселесін талқылады.
Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында мәселеге түсінік беріп өтті.
«Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмысын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін «үштік газ одағын» құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүддесін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды», - деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.