Қазақстан мен Қытай арада визасыз режим туралы келісімді бекітті
Қазақстан мен Қытай елдері арада визасыз режим туралы келісімді бекітті.
«ҚазАқпарат» мәліметінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26 шілдедегі № 612 қаулысына сәйкес, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында екіжақты виза режимі туралы келісім бекітілді.
«Тараптар уағдаласқан келісімнің 2-бабына сәйкес, екі ел азаматтары іскерлік мақсатпен, жұмыс бабымен, жеке іспен, емделуге немесе турист ретінде барған жағдайда визалық талаптар алынып тасталды. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күннен аспайтын кезеңге ел аумағында бола алады. Егер уағдаласушы елдердің азаматтары келісімнің 2-бабы 1-і тармағында көзделген яғни мемлекетке барудағы мақсаты мен мерзімі сәйкес келмеген жағдайда алдына ала визаға өтініш беруі тиіс», - делінген ресми құжатта.