Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан мен Иран президенттері келіссөз жүргізді
18:08 / 2022-06-19

Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеранға ресми сапары барысында Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Akorda сайтының дерегінше,  келіссөзге дейін «Саадабад» кешенінде Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде ресми қарсы алу рәсімі өткен. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Иранның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси «Джумхурия» сарайына келіп, бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Шағын құрамда өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Ибрахим Раисиге ризашылығын білдіріп, Президент ретінде Иран еліне алғаш рет келгенін және келіссөздерз екі елдің ынтымақтастығын дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірген.

Сонымен қатар Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат етілгені, бұл түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп, іскер топ өкілдерінің байланысын жандандыратыны, барыс-келіс атрып, туристердің көптеп келуіне ықпал ететіні және Иран кәсіпкерлері осы жеңілдікті кеңінен қолданатынына сенім артылғанын айтқан Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Ибрахим Раиси Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипат көрсетіп, шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтқан.  

– Біз алғаш рет Душанбе саммитінде кездескен едік. Сізбен екінші рет Тегеранда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің Президент ретінде келген бұл сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына тың серпін беретін ұлы бетбұрыс боларына сенімдімін, – деген Иран Президенті.