Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан мәдениет күндері Самарқандта жалғасуда
20:30 / 2023-06-23

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық пен мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Өзбекстанда Қазақстан мәдениет күндері өтуде.

Осы шаралар аясында Самарқанд қаласындағы «Нурафшан» мәдениет сарайында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік мекемесінің шығармашылық тобының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Концерт алдында Олий Мажлис Сенатының депутаты Ф.Тошев, Самарқанд облысы әкімінің орынбасары Р. Қабилов және басқалар өзбек және қазақ халықтарының туыстық, достықтың тарихы сонау ертеден келе жатқанын, тілі, діні, дәстүрі мен мәдениеті ортақ екенін сөз етті.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастың жылдан жылға дамып келе жатқаны айтылды. Бүгінгі таңда Самарқанд қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жұмыс істейді.

Концертте өнер майталмандары мен бауырлас халықтың жетекші өнер ұжымдары қазақтың халық әндері мен термелерін орындады.

Атап айтсақ, ҚР еңбек сіңірген әртісі Әлішер Кәрімов, Рухия Байдукенова, Мәди Сыздықов, «Гүлдер» және «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерінің өнері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 20-24 маусымында Ташкент, Самарқанд, Бұхара қалаларында Қазақстан мәдениеті күндері, 20-23 маусым аралығында Ташкентте қазақ киносының күндері өтуде.

20-23 маусым аралығында Ташкентте қазақ киносының күндері аясында Әлішер Науаи атындағы кинотеатр залдарында «Сұлтан Бейбарыс», «Мұқағали», «Дос-Мұқасан», «Время патриотов», «Паралимпиадашы», «На старте», «Лето 1941 года» көркем фильмдері, «Кенже қыз», «Бесік жыры», «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» мультфильмдері көрсетілуде.