French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Ұлттық банкі базалық ставканы 16,75% деңгейінде сақтап қалды
15:28 / 2023-04-07

Қазақстан Ұлттық банкі базалық ставканы 16,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды.

«ҚазАқпарат» дерегінше, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов бұл жағдайдың себебін былай түсіндірген.

«Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. 2022 жылдың басынан бері жылдық инфляция алғаш рет төмендеп, наурызда 18,1 пайызды көрсетті. Инфляцияның төмендеуі – күтілген жағдай және Ұлттық банктің болжамдарында ескерілген болатын. Айлық және базалық инфляция да төмендеуін көрсетті, бірақ әлі де жоғары қалпында қалып отыр. Ақпанда күрт төмендеп, наурызда қайтадан өскен инфляциялық күтулердің тұрақсыздық тәуекелі ішінара іске асты. Осылайша, елдегі инфляциялық процестердің кейбір оң өзгерістері байқалып отыр, бірақ ол өзгерістің барлығы тұрақты түрде төмендеу сипатын білдіреді деп айтуға әлі ерте. Оң динамикаға қарамастан, инфляцияның айлық көрсеткіші әзірге нормадан едәуір асып тұр», - деген ол.

Оның атап өтуінше, болашақта инфляцияның төмендеуін тежейтін және оның жеделдеу тәуекелін арттыратын ішкі және сыртқы факторлар сақталып, ішінара іске асып жатыр.