Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан литий өндірісін жолға қоймақ
15:48 / 2024-06-12

Қазақстан литий өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.

KAZINFORM мәліметінше, бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

«Корея Қазақстанның инвестиция бойынша ең үлкен 5 серіктесінің бірі саналады. Қазіргі таңда КІА зауыты салынуда. Оны келесі жылы ашамыз. Бұл - өнеркәсіпке байланысты бірінші мәселе. Екіншіден, бүгінде Корей геологиялық-геофизикалық және минералды ресурстар институты Қазақстанда сирек металдарға – литийге геологиялық барлау жүргізіп жатыр. Осыған орай бүгін келісімшартқа қол қоямыз. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін елімізде литий өндіруге мүмкіндік болады. Қазіргі таңда мұндай өндіріс елімізде жоқ», - деген министр.

Министрдің нақтылауынша, кореялық институт Шығыс Қазақстан облысында литий кен орнына барлау жүргізіп жатыр. Аталған металдан көліктерге арналған батареялар шығарылады.