Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа кірді
09:33 / 2021-05-19

Коронавирус ахуалына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды7

«ҚазАқпарат» агенттігінің мәліметіне қарағанда, 19 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстары тұр.

«Сары» аймақта Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 

«Жасыл» аймаққа Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары енді. Жалпы Қазақстан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді, делінген хабарламада.

Айта кетсек, кешегі мәлімет бойынша Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұрған еді.