Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Елшісі: Өзбекстан жаһандық экологиялық мәселені шешуге үлкен үлес қосуда
13:41 / 2023-04-05

Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Арал өңірінде жасыл кеңістікті қалыптастыру жолында атқарып жатқан жұмыстары туралы ойын білдірді.

Ташкентте акредитациядан өткен шетелдік дипломатиялық корпустың бір топ өкілдері Арал өңірінің экологиясын қалпына келтіру бағытында Өзбекстанның атқарып жатқан жұмыстармен танысуда.

«- Бүгін біз Арал теңізінің құрғап бара жатқан аумағын араладық. 150 шақырымдай жол жүрдік – өте үлкен аумақта экологиялық апаттың зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралардың нәтижесін көрдік. Бұл жұмыстардың барлығы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің тікелей басшылығымен атқарылып жатқаны мақтауға тұрарлық. Бұл өңіріміздің дамуына, Арал теңізінің құрғауы жөніндегі жаһандық экологиялық мәселені шешуге қосылған үлкен үлес.

Қазақстанның Елшісі ретінде бұл мәселенің біздің еліміз үшін де өзекті екенін айтқым келеді. Оның теріс салдарын Қарақалпақстандағы сияқты миллиондаған қазақстандықтар бастан кешуде.

Бүгін Арал теңізінің құрғаған аумағында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін көрдік – үлкен аумақта жасыл желектер пайда болған.

Табиғат өзін-өзі емдейді, бірақ оған көмек керек. Өзбекстанның барлық бастамалары нәтижелі болады деп сенемін.

Біз Өзбекстанның аймақтық экожүйені сақтау және жергілікті халықты қолдау жөніндегі барлық күш-жігерін құрметтейміз және қолдаймыз», деген Мойнақтағы сапар аясында Қазақстан Елшісі Бейбіт Атамқұлов.