Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан елшісі Орталық Азия халықаралық институты директорымен кездесті
21:24 / 2022-05-12

2022 жыл 12 мамырда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды Орталық Азия халықаралық институтының (МИЦА) директоры Анвар Насировпен кездесті.

Елішілік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың сапалы жаңа деңгейіне шыққан Қазақстан-Өзбекстан екіжақты қарым-қатынастарының оң динамикасын атап өтті. 

Сонымен қатар, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара қарым-қатынас айтарлықтай әлеуетке ие және барлық салаларда одан әрі жандандыруды қажет ететіні айтылған. 

Екі елдің сараптамалық орталықтары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің ынтымақтастығы, сондай-ақ Орталық Азиядағы өңірлік өзара іс-қимылды тереңдету мәселелері талқыланды. 

Сұхбат барысында Елші, Қазақстанда демократия жолында жасалып жатқан реформалар жайында айта келе, алдағы маусым айының 5 жұлдызында Қазақстанда өтетін жалпыұлттық референдум жайлы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша тұрақты диалогты қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, делінген хабарламада.