Қазақстан елшісі И.В.Савицкий мұражайындағы өнер туындылармен танысты
2023 жыл 8 тамызда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Нөкіс қаласындағы И.В.Савицкий атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына барды.
Елшілік мәліметінше, Бейбіт Атамқұлов мұражайдағы орыс авангардының және жергілікті суретшілердің туындылары, сондай-ақ Қарақалпақстан мен Ежелгі Хорезм халық-қолданбалы өнерімен танысып, музейдегі естеліктер кітапшасына жазба қалдырған.

И.В.Савицкий атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы Өзбекстандағы ең ірі мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражай коллекциясы орыс авангардының коллекциялары арасында маңыздылығы мен көлемі бойынша әлемдегі екінші, сондай-ақ Азия аймағындағы ең жақсы өнер коллекциясы ретінде танылған.
