Қазақстан елшісі Алмалық тау-кен металлургия комбинатында болды
Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Алмалық тау-кен металлургия комбинатында болды.
Комбинат мәліметінше, кездесуде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қоғамдық-саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы қарым-қатынастар жылдан жылға нығайып келе жатқаны атап өтілді. Сондай-ақ комбинаттың көршілес мемлекеттік кәсіпорындармен тиімді ынтымақтастығы жөнінде пікір алмасылды.
Анықтама үшін: «Glencore International AG» компаниясы АКМК-мен жасалған келісімшарт бойынша Қазақстанның «Казцинк» кәсіпорнына қорғасыны бар материалдарды жеткізеді.
2022 жылы бұл кәсіпорынға 25 мың тонна қорғасыны бар материалдар жеткізілген. 2023 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша «Казцинк» кәсіпорнына 3 мың тонна қорғасыны бар материалдар жөнелтілді. Жыл соңына дейін бұл өнімнің 60 мың тоннасын жеткізу жоспарланған.