Қазақстан елі Амал мерекесін тойлауда
Қазақстанның батыс облыстарындағы тұрғындар Наурыз мейрамын тойлауды бүгіннен бастап кетті. Ол жақтағы жұрт бұл мерекені «Көрісу» немесе «Амал» мерекесі деп атайды.
Осыған орай Маңғыстауда Амал мерекесіне орай Отпан тауда 42 ақшаңқан киіз үй тігілді.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Маңғыстаудың Отпан тау баурайындағы «Қарашаңырақ» кешенінде Амал мейрамы кең ауқымда атап өтілді. Бірқатар мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ мейрам аясында қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, көрермен көзайымына айналды. Думанды мереке «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің концерті өтіп, жалпы шараға 10 мыңға жуық адам қатысты.
Бұдан бөлек эстрада әншісі Жеңіс Ысқақова, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова, Өзбекстан және Қарақалпақстан елінің халық әртісі Жеңісбек Пиязов арнайы барып, сахнада өз өнерлерін паш еткені айтылады хабарламада.