Қазақстан экономикасы 2024 жылы 4,8 пайызға өсті
Қазақстан экономикасы өткен 2024 жылы 4,8 пайызға өскені белгілі болды.
KAZINFORM дерегінше, бұл туралы ел үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтқан.
«— 2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста — 13,1, саудада — 9,1, көлік саласында 8,5 пайыз деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді, — деген Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, мұнай өндіру көлемі 2 млн 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізген.
«— Бұл көбіне еліміздің ОПЕК+ аясындағы міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болды, — деп атап өткен ҚР үкімет басшысы.