Қазақстан дәрі-дәрмек шығаруды 36 пайызға азайтты
Қазақстанда фармацевтикалық препараттар өндірісі 36 пайызға қысқарды
«ҚазАқпарат» ұлттық статбюроға сілтеме жасаған хабарламада, 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді.
Өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі 0,9 пайыз артық болған (73,3 млрд тг).
Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайыз аз (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.
Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4 пайызға қымбаттаған.