Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан COVID-19-бен сырқаттану көрсеткіші бойынша 105 орында тұр
09:31 / 2021-11-04

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Үкімет отырысында Қазақстанның эпидахуал бойынша әлем елдерінің арасныда қандай орында тұрғанын жайлы ақпарт берді.

 «ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, әлемдік рейтингке сәйкес 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105 орында, өлім көрсеткіші бойынша 102 орында тұр», -деген вице-министр.

Қазіргі уақытта әлемде КВИ-дің 248 миллионнан астам жағдайы тіркелген болса, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай анықталуда. Бүгінге дейін 5 миллионнан астам адам қайтыс болған.

Coronavirus2020.kz сайтының дерегінше, Қазақстанда өткен тәулікте 1396 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 944 501.