Қазақстан басшысының баспасөз хатшысы ауысты
Айбек Смадияров президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы болды.
Ақорда мәліметінше, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рұслан Желдібайды кеңесшісі қызметінен босатып, Айбек Смадияровты кеңесші әрі баспасөз хатшысы етіп тағайындаған.
Айбек Смадияров II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Ол 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Әкімшілік департаментінің маманы ретінде бастаған. 2025 жылы ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы — Ресми өкілі.