Қазақстан басшысы құмар ойындарға шектеуді күшейтуді тапсырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевт Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында Қасым-Жомарт Тоқаевт елде құмар ойындарға шектеуді күшейтуді тапсырған.
– Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды, – деген ол.
Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырған.
– Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс, – деген Қазақстан басшысы.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеген.