Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағына бидай әкелуге тыйым салынғанын мәлімдеді.
Қазақстанның ішкі нарығында өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті.
«Осыған байланысты, ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау фактілерін болдырмау мақсатында 2024 жылғы 26 шілдеде Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының аумағыарқылы бидайдың транзитін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін бидайды (СЭҚ ТН коды: 1001) Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданды», делінген хабарламада.