Қазақстан Ауғанстанда сауда үйін ашады
Қазақстан Ауғанстанның Герат қаласында сауда үйін ашады
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, былтыр Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда айналымы 1 млрд долларға жеткен.
«Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Кабулға жұмыс сапары барысында Герат қаласында Қазақстанның жаңа сауда үйі ашылатынын мәлімдеді. Жақын арада ол өз жұмысын бастайды», - деген Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Ол сондай-ақ Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті өте жоғары екенін атап өткен.