Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан астанасы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енді
09:10 / 2020-12-10

Қазақсатанда коронавирустың екінші толқынының тарауына байланысты ел астанасы «Нұр-Сұлтан» қаласы «қызыл» аймаққа енген.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 10 желтоқсан күнгі Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицасын жариялаған.  

Орталықтың бағалауынша «қызыл» аймақтан Солтүстік Қазақстан шыққанымен, Нұр-Сұлтан қаласы кірген. Елордамен қатар Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.  

Ал сары аймақта Алматы қаласы, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі де жасыл аймақта, делінген хабарда.

Сoronavirus2020.kz сайтындағы дерекке сай, Қазақсатанда коронавирус расталғандар саны 139 159 кісіге жеткен. Қазірге дейін 123 215 жан сауыққан боса, 2088 азамат індеттен көз жұмған.