Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақ, түрікмен, орыс, өзбек ұлт өкілдерінің қатысуымен «Үш буын кездесуі» өтті
17:40 / 2022-03-18

Бұхара облысы Ромитан ауданының орталығынан 100 шақырым жерде орналсқан «Газли» елді мекенінде «Газли», «Байналминал», «Қызылрабат» махаллаларында тұратын қазақ, түрікмен, орыс, өзбек ұлтының өкілдерінің қатысуымен «Үш буын кездесуі» өтті.

Ондағы шараға сектор басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, түрлі салада белсенді жастар, зиялы қауым өкілдері, ауданның дамуына үлес қосып жүрген құрметті азаматтар мен ақсақалдар қатысты.

Шарада түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін, тілі мен құндылықтарын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізіп келе жатқатаны айтылып, өнегелі өмірі, көпжылдық қызметімен жастарға үлгі болған азаматтар, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген отандастар мен жастар марапатталды. Салтанатты шарада Жаңа Өзбекстанға арналған жаңа бастамалар мен идеялар ортаға салынып, және олар өмірлік нәтижеге айналуымен елдің дамуына қызмет ететіні сөзсіз.

Айтулы шарада түрлі ұлт өкілдерінің мерекелік қойылымдары, ұлттық билері, әскери оркестрдің өнері, спортшылардың схналық қойылымы мен әр тараптан шыққан көңілді әуендер мен әуезді әндер ортаға ерекше көрік сыйлады. 

Зариф Комилов, ӨзА