Қайрат Сатыбалды шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салғаны белгілі болды
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салғанын анықтады.
«Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қ. Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ доллары салу шын мәнінде кез келген. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджеті не тусетіні айтылған.