Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қатарда Өзбекстанның мәдениет күндері өтуде
10:31 / 2022-09-27

2022 жылдың 24 қыркүйегі мен 5 қазаны аралығында Қатар астанасы Доха қаланысда Өзбекстанның мәдениет күндері өтеді.

Айтулы шара Өзбекстанның Кувейттегі елшілігінің бастамасы әрі қолдауы және Өзбекстанның «Хунарманд» бірлестігі мен «Катара» мәдени қорымен бірлесіп ұйымдастырылуда.

Шара аясында Өзбекстан қолөнершілері бұйымдарының сатылым-көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Онда «Қатара» мәдени қорының бас директоры, профессор Халид бен Ибрагим ас-Сулайти, Өзбекстанның Қатардағы елшісі Бахром Аълоев, Өзбекстан қолөнершілер одағының төрағасы Улугбек Абдуллаев және Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің президенті Саад әл-Каддуми. сөз сөйледі.

Мәдениет күндерін өткізу Өзбекстан мен Катар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуда және республикаға келетін шетелдік туристер санын арттыруда маңызды екеніне атап өтілді.

Көрмеге республиканың әр облысынан және Қарақалпақстаннан келген қолөнершілер өз бұйымдарымен қатысуда. Көрме аясында Өзбекстанның қолөнер бұйымдары мен республиканың туристік әлеуеті туралы таныстырылымдар ұйымдастырылып, өзбек қолөнершілері шеберлік сабақтарын өткізеді.