Қатарда Өзбекстан елшілігі ашылды
2023 жыл 11 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Дохадағы Өзбекстан Республикасының Елшілігінің ашылу салтанатына қатысты.
СІМ мәліметінше, шарада екі ел басшыларының күш-жігерінің нәтижесінде екіжақты қарым-қатынастар бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келе жатқаны айтылды.
«Осы жылдың мамыр айында Ташкентте Қатар мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі құрылды. Бұл елшіліктер екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға қызмет етеді», делінген хабарламада.