Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қатарда ӘЧ өтеме? Германия құрамасы ФИФА-ны адам құқығын қорғауға шақырды
17:02 / 2021-03-26

Футболдан 2022 жылы Қатарда өтуі жоспарланған Әлем Чемпионатына арнап салынып жатқан жасыл алаңдардағы құрылыс кезінде қаза болған мигранттарға байланысты футбол қауымдастықтары наразылық білдіре бюастады.

Германия футбол құрамасы 2022 жылы Қатарда өтетін Әлем Чемпионатына қатысты оқиғаларға орай ФИФА-ны адам құқығын қорғауға шақырып, 25 наурызда Әлем кубогының іріктеу кезеңі аясында Исландияға қарсы кездесуде «Неміс құрамасының» ойыншылары жейдесіне жазылған әріптер арқылы HUMAN RIGHTS (адам құқықтары) деген тіркесті көрсетті. Осы ерекше көтерілістен кейін Германияның Әлем кубогына бойкот жариялағаны туралы әңгіме таралды.

Бұған дейін интернет беттерінде Қатардағы Әлем біріншілігіне дайындық барысында құрылысы жүріп жатқан үлкен футбол ареналарда адам шығыны болғаны жайлы хабар тарап, осы жағдайға германиялық жанкүйерлер одағы алаңдаушылық танытты және елдегі футбол одағын Қатарда өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялауға шақырды. Оның басты себебі - Қатардағы чемпионат үшін салынып жатқан стадиондар құрылысындағы көптеген мигранттардың қаза болуы.

Адам құқығын қорғауды 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан Норвегия құрамасы да талап етіп, «Адам құқығы қорғалуы керек. Алаңда да, одан сырт жерде де» деген жазуы бар жейдемен Норвегия құрамасы бірінші іріктеу кезеңінде Гибралтарга қарсы алаңға шықты.

Британдық The Guardian газеті Қатардағы стадион құрылысында жұмыс істейтін мигранттардың көші-қонына қатысты журналистік зерттеу жариялады. Онда Үндістаннан, Пәкістаннан, Непалдан, Бангладештен және Шри-Ланкадан барған 6500-ден астам еңбек мигранттары Әлем кубогына арналған жасыл алаңдар салу кезінде қаза тапқаны туралы айтылды. Ресми түрде 25 жұмысшы қаза тапқаны мәлім. Ал, Қатардағы жұмысшылар тұратын лагерьлерден тәуелсіз журналистік сауалнама жүргізу мүмкін емес және бұған тырысқан журналистер қуғын-сүргінге ұшырағаны айтылған.