Қатар Өзбекстан азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізді
Өзбекстан Қатар үкіметінің электронды визалар беруге арналған ресми порталында визасыз кіруге болатын 101 елдің қатарында.
Осыған орай Қатарға визасыз кірудің бірнеше шарттары бар екені хабарланды.
Атап айтқанда, шетелге шығу үшін төлқұжаттың жарамдылық мерзімі 6 айдан кем болмауы керек және келушінің қайту билеті немесе басқа елге шығу билеті болуы керек. Сондай-ақ, Өзбекстан азаматтары бұл елде 30 күн визасыз бола алады.
Биылғы жылдың маусым айында Қатар Әмірі шейх Тамим бин Хамадтың Өзбекстанға сапары қарсаңында Қатар азаматтарының Өзбекстанға кіруіне визасыз режим енгізілген болатын.
Бұл қаулыға сәйкес, қатарлықтар Өзбекстанға 30 күндік мерзімге визасыз кіре алады.