Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қатар Трансауған теміржол құрылысы жобасына қатысады
13:22 / 2023-10-25

2023 жыл 23 қазанда ӨР Көлік министрі Ильхам Махкамов пен Қатар Мемлекеті Көлік министрінің орынбасары Хамад Иса Абдулланың кездесуі өтті.

Министрлік дерегінше, кездесуде екі ел арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты аспектілер талқыланып, Трансауған теміржол құрылысы жобасын жүзеге асыруға Катардың қатысуын қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасылды. Кездесу барысында «Өзбекстан темір жолдары» АҚ өкілдерінің қатысуымен аталған жобаның тұсаукесері өтті.

«Азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында «Qatar airways» авиакомпаниясы Доха-Ташкент-Доха бағыты бойынша рейстерді ашу мәселесін қарастырды», делінген хабарламада.

Катар көлік министрінің орынбасары Хамад Иса Абдулла қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша мемлекеттің ішкі процестері аяқталып жатқанын және 2024 жылдың наурыз айының соңынан әуе рейстерін ашу жоспарланып отырғанын жеткізген.