Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қатар Мемлекетінің Әмірі Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келеді
18:37 / 2023-06-04

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қатар Мемлекетінің Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Соний 5-6 маусымда Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Жоғары мәртебелі мейманның сапарының негізгі шаралары Самарқанд қаласында өтеді.

Алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздерде Өзбекстан мен Қатар арасындағы көп қырлы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. Ең алдымен, белсенді саяси диалогтар мен мәдени-гуманитарлық алмасуды жалғастыру, энергетика, газ және химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, логистика, туризм және басқа да салаларда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басты назарда болмақ.

Сондай-ақ Мемлекет басшылары халықаралық саясат пен өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылайды.

Кездесу соңында маңызды үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар топтамасына қол қойылады деп күтілуде.

Айта кетейік, Қатар Мемлекеті Әмірінің Өзбекстанға сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдан астам тарихында тұңғыш рет болмақ.