Қатардың «Qatar National Cement» компаниясы Өзбекстанда құрылыс материалдарын өндіру жобасын жүзеге асырады.
Бұл туралы Өзбекстанның Қатардағы елшілігінің қызметкерлері осы компанияның бас атқарушы директоры Эсса Калдаримен келіссөздер барысында талқылаған.
«Qatar National Cement» компаниясы мен «Шах Полан» кәсіпорны арасында Қарақалпақстан Республикасының Қараөзек ауданында жылына 130 мың тонна құрылыс әгі және қолданыстағы қуаттарды жаңғырту есебінен 1,2 миллион тонна жоғары сапалы цемент және шыны бұйымдарын өндіру жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойған. Сондай-ақ, «Arjun Investment» компаниясымен Ангрен қаласындағы «Ангрен каолин» кәсіпорнының қуаттарын кеңейту есебінен жылына 110 мың тонна байытылған каолин өндіру туралы келісім жасалған.
«Келіссөздер соңында «Qatar National Cement» компаниясы осы жобалар бойынша барлық зерттеулерді жыл соңына дейін аяқтап, 2024 жылдың қаңтарында жобалық құжаттарды әзірлеуге кіріседі деп келісілді», делінген хабарламада.
«Qatar National Cement» компаниясы 1965 жылы құрылған. Компанияның жылдық табысы 1 миллиард АҚШ долларын құрайды.