French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қатар футболдан Әлем чемпионатына 208 миллиард еуро жұмсады
12:31 / 2022-09-28

Қатар алдағы Әлем чемпионатына 208 миллиард еуро жұмсап, футболдан ӘЧ турнирін өткізу бойынша тарихта рекорд жасады.

«The Sun» басылымының мәліметінше, Қатар елі 2022 жылғы Әлем чемпионатына қазірдің өзінде шамамен 208 миллиард еуро жұмсаған, бұл 2018 жылғы әлем чемпионатынан 17 есе көп. Ресейде өткен турнирге 11,6 миллиард фунт (шамамен 13 миллиард еуро) жұмсалған.

ӘЧ турнирінің коммуникациялар жөніндегі директоры Фатма Әл-Нуайми Қатардың қомақты қаржының не үшін жұмсағанын былай түсіндірген: 

«Әлем чемпионаты Қатардың 2030 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының бір бөлігі болып табылады. Бұл мемлекеттік деңгейдегі үлкен стратегия. Ол арқылы бүкіл ел бойынша қалалардың, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының өсуін арттыру, білім беруді және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту көзделген. 

Қазіргі кезде Әлем чемпионаты алдына жиі айтылып жатқан 200 млрд доллар (шамамен 208 млрд еуро) шын мәнінде ұлттық даму стратегиясы мен Қатарды дамытуға бағытталған осы жобаға тиесілі.

Олар қатарында, 2022 жылы пайдаланылатын ірі инфрақұрылым нысандары, жолдар, метро, ​​әуежай, қонақүйлер және басқа да көптеген туристік нысандар әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алғанға дейін жоспарланған болатын», - деген Әл-Нуайми.

Айта кетерлік жайт, Бразилия 2014 жылы футболдан Әлем чемпионатын өткізуге 15 млрд фунт стерлинг (шамамен 17 млрд еуро), 2010 жылы Оңтүстік Африка 3,6 млрд фунт (шамамен 4 млрд еуро) қаржы жұмсаған.