Qatar Airways Өзбекстанға тұрақты рейстерді ашты
Qatar Airways «уе компаниясы Өзбекстанға тұрақты рейстерді бастады.
Uzbekistan Airports хабарлауынша, Доха-Ташкент-Доха бағыты бойынша жолаушылар рейсі аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus 320 ұшағымен жүзеге асырылады.
«Qatar Airways» авиакомпаниясының шығыс аймақтар бойынша аға вице-президенті Марван Колейлат алдағы уақытта Дохадан Самарқанд пен Бұхара қалаларына тұрақты рейстерді ашу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеген.
Qatar Airways – штаб-пәтері Доха қаласында орналасқан Қатардың ұлттық әуе компаниясы. Әуе компаниясы әлемнің 170-тен астам бағытына ұшады. Skytrax нұсқасы бойынша жеті рет әлемнің ең үздік әуе компаниясы атанған.