Qatar Airways Дохадан Ташкентке тұрақты рейстерді бастайды
Qatar Airways әуе компаниясы Доха-Ташкент-Доха бағыты бойынша рейстерді жүзеге асыру үшін компанияның ішкі процедураларын әзірлеуде.
2023 жылдың 23 маусымында ӨР Көлік министрі Илхом Махкамов Қатардың Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хасан Хамза Асад Мухаммад Хашиммен кездесті.
«Кездесу барысында тараптар екі ел арасында тұрақты әуе қатынасын орнату мәселесін талқылады. Елші Qatar Airways авиакомпаниясы Доха-Ташкент-Доха бағыты бойынша рейстерді жүзеге асыру үшін компанияның ішкі процедураларын әзірлеп жатқанын хабарлады», делінген ақпаратта.
Тараптар осы процестер аяқталғаннан кейін ұшуларды жүзеге асырудың қолданыстағы талаптары мен ережелері бойынша келіссөздер жүргізуге келісті.